Ата-ананың қадірін біл
Дана халқымыз «Ата-анаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» деген. Ата-анаға құрмет көрсету – асыл парызымыз. Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Қазіргі кездегі болып жатқан жағдайға келетін болсақ, қартайып, бойынан күш-қайраты кеткен әке-шешесін қарттар үйіне тапсырып жатқан қыз-жігіттер аз емес екені рас, бұл көңіл қынжытарлық нәрсе.
Осы орайда аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Білім» орталығында «Ата-ананың қадірін біл» тақырыбында ерікті жастар арасында бейнеролик байқауы өткізілді. Бұл байқау арқыл жастардың ата-анасына көрсететін құрметін арттыру мақсатында дұрыс тәлім-тәрбиеге жетелеу. Өз балаңыздан қандай жақсылық күтсеңіз, ата-анаңызға сондай жақсылық істеңіз. Себебі «не берсеңіз, соны аларсыз, не ексеңіз, соны орарсыз» деген сөз бар. «Жақсылық қылсаң да өзіңе, жамандық қылсаң да өзіңе» емес пе?! Ақ жаулықты, ақ шашты аналарымыз бен данагөй әкелерімізді ардақтайық, көңілдеріне қаяу, жүректеріне қайғы салмайық дей келе бейнеролик байқауына қатысқан әр ауылдық округ мамандарына арнайы диплом және бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Н.Султаналиев,
Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі директорының орынбасары