Заңды біл – заңды орында
Ауданымызға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасының бастығы Райымқұлов Дәурен Қуатбекұлы жұмыс сапарымен келіп, аудан тұрғындарымен кездесті. Жиынға аудан прокуроры Әмірхан Елдос Тұрғымбайұлы, аудан әкімінің орынбасары Арғымбаев Қайрат Рахымбайұлы, аудандық полиция бөлімінің бастығы Мамытбеков Сәбит Мұсабекұлы және ауыл тұрғындары қатысты.
Жиынның күн тәртібінде екі мәселе қаралды:
- Полиция бөлімдерімен қылмыстық құқық бұзушылық фактілері бойынша азаматтардың өтініштерін номенклатуралық іске негізсіз жолдау және жол-көлік оқиғалары туралы мәліметтер.
- Жергілікті атқарушы органдармен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақытылы және сапалы қаралуы және жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіру.
Алдын-ала хабарландыру бойынша жоғарыда аталған мәселелер аясында тұрғындар келіп, шағымдары мен пікірлерін жеткізді.Жиында аудан тұрғындары спикерлерге құқықтық мәселелерге қатысты өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты жауаптарын алды. Одан кейін, Дәурен Қуатбекұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініш иелерінің сұрақтарын назарына алды.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі