«AMANAT» партиясы – халықтың болашағы

0
134

Мемлекет Басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXII съезді өтті. Съезд барысында мемлекет басшысы партияның келешегі жөнінде айта келіп, оның бұған дейін атқарған жұмысын ұмытуға болмайтынына, өз ісіне берілген партия белсенділерінің қажырлы еңбегіне құрметпен қарау керек екендігін айтты. Президент еліміздің «Жаңа Қазақстанды» құру жөніндегі ауқымды міндетті орындауға кіріскенін мәлімдеп, алдымызда мемлекетіміздің болашақ тағдырын шешетін аса маңызды жұмыс тұр. Оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін жаңа мақсат-міндеттерімізді айқындап алуымыз қажет және Партия барлық реформаға ұйытқы болуға тиістігін атап өтті. Бұл – Жаңа Қазақстанды құру жолында жаңарған партиямызға берілген айрықша жауапкершілік пен көрсетілген зор сенім деп санаймын.
Азаматтардың шағымдары мен сұраныстарын бақылап отыру үшін мониторинг жүйесін әзірлеуді жоспарлап отыр, яғни, алдағы уақытта еліміздің азаматтары өздерінің берген өтініштерінің барысын онлайн түрде бақылап, көре алады. Және де халықты толғандыратын ең өзекті мәселелерді TALQYLAU жаңа диалог алаңы ашылады.
Сонымен қатар, Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы Фракциясының Төрағасы Қошанов Ерлан Жақанұлы партия атауын «AMANAT» деп өзгерту туралы ұсыныс білдіріп, партия Төрағасы Қасым Жомарт Тоқаев бұл ұсынысқа қолдау білдірді. Мен де бұл шешімді құптаймын. Себебі, «Аманат» сөзі қасиетті, салмағы өте ауыр ұғым. Бұл сөздің астарында қаншама терең жауапкершілік жатыр, өйткені ата-бабамыз бізге елдің бірлігі мен тұтастығын, сан ғасырлар бойы аңсап жеткен тәуелсіздігімізді, тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді бұзбай таза ұстауды бізге аманат еткен. Аманатқа қиянат жасамау — біздің ең басты парызымыз. Ақ жаулықты аналарымыздың, ақ сақалды аталарымыздың, сәбилердің аманаты қашанда биліктің мойнында. Сол себепті халықтың Аманатына адал болу партиямыздың парызы және негізгі ұстанымы болу керек деп есептеймін.
«Nur Otan» партиясы өзіне жүктелген барлық миссияларды жақсы атқарып шықты, ендігі кезек «Жаңа Қазақстанға» бет алған барлық реформалар мен кешенді бағдарламалар «AMANAT» партиясының мойнына жүктелмек. Жаңа атауға ие болған партиямыз халықтың үмітін ақтайтынына сенем білдіремін.

Кулаим Шагатаева,
«AMANAT» партиясы Меркі аудандық филиалының Атқарушы хатшысы

Comments are closed.