ҮМІТТІҢ ҮКІЛЕГЕН өрендері

0
112

Меркі аудандық білім бөлімінің қосымша білім беру мекемесі, Оқушылар «Үміт» сарайының «ЖІБЕК ЖОЛЫ» үйірмесінің бишілері Алматы қаласында өткен Халықаралық көп жанрлы «ART SILK WAU» атты өнер байқауына қатысты.

Мемлекеттік Құдыс Қожамияров атындағы ұйғыр театрында өткен бұл байқауға Жазира Омиралиева жетекшелік етіп, 4 топ алып барды. «Якут» биін, «Сылдырмақ», «Көктем самалы», «Өзбек биі» сияқты жоғары дайындықпен барған билерді, жас бишілер мың бұрала, керемет билеп берді. Республиканың кілең дүлділ, атағы жер жарған, талантты бишілерден құралған, меркілік бишілердің жаңадан тігілген, жарқыраған костюмдерін, сахна талабына деген жауапкершіліктерін қазылар алқасы ерекше бағалады. Республиканың барлық облыстарынан келген айтулы би топтарынан алға шыққан «ЖІБЕК ЖОЛЫ» тобы бұл жолы да барлық жеңістерді: «ГРАН ПРИ», «БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп қайтты. Сондай-ақ, Оқушылар «Үміт» сарайының «АЯЛА» театр үйірмесінің мүшелері, жетекшісі Әлия Әлімқұловамен бірге, Алматы қаласында, Құдыс Қожамияров атындағы Мемлекеттік ұйғыр музыкалық театрында өткен Халықаралық «ART SILK WAU» атты көпжанрлы өнер байқауында, «ТАРИХИ ТОЛҒАУЛАР» әдеби — музыкалық драмалық композициялық қойылымды қойды. Сахналық мәдениет, жас актерлердің рольге беріле ойнай білу шеберлігі жоғары бағаланып, «ГРАН ПРИДІ» қанжығалап қайтты. Тынымсыз, жаңашыл, ізденімпаз, еңбекқор ұстаздарымыздың талантты шәкірттердің еңбегі бағаланды. Дарынды оқушыларымыздың алар белестерді көп болғай.

Ә. Боранқұлова,
«Үміт» Оқушылар сарайы

Comments are closed.