Жолда абай болыңыздар!
Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың аудан аумағында 14-23 ақпан аралығында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты жедел-профилактикалық шарасы өтуде.
Бұл акцияның бастамашысы аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция қызметкерлерімен бірге мемлекеттік автоинспекция қызметкерлері жүргізуде.
Бұл акцияның мақсаты балалардың жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақаттануының алдын-алу, көшеде қауіпсіз жүруін түсіндіру. Оқушыларды жол ережесімен таныстыра отырып, жол қауіпсіздігін сақтаудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру. Тәртіпке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.
Жолда жүру ережесін сақтау – баршамыздың міндетіміз. Баршаға ортақ ережелердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша аудандық полиция бөлімінің мемлекеттік инспекторлары Даулет Нұрғали мен Әшімхан Бейсенбаевтар барлық мектептерде семинар-лекция жүргізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аталған кездесулерде оқушылар сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
Нұрай Махан,
«Меркі Ақиқат»