Тіл – мұра, тіл – қатынас

0
26

Тәуелсіздікті әркім жеке түсінеді. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, салт – дәстүрдің, ұлттық сананың тірегі. Тәуелсіздік – орындалған арман.
Міне, бүгінде болашаққа деген жарқын сеніммен алға қарай нық қадам басып келеміз. Отаным менің тағдырым. Бәріміздің мақтанышымыз. Осының бәрі Елбасымыздың жүргізген саясатының арқасында, өйткені еліміз тыныш, аспанымыз ашық, бірлігіміз мықты.Біз оны мақтан етеміз. Алғыс айтамыз. Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақ Елінің Тұңғыш Президенті болып сайланған тұстан Тіліміз өз мәртебесін жоғалтпаған. Ана тіліміз мәңгілік, ал тіл — елімізбен бірге мәңгілік тіл болды. Мысалы, тіл туралы заң Қазақстандағы тіл саясаты құжаттар жинағында жүйеленген. Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі, яғни Тілдер туралы Заңы және Мемлекеттік бағдармалар қазіргі қазақ тілін модернизациялау шараларын жүргізілуде.
Туған жеріме деген сүйіспеншілігім, тіліме деген тағзым, ұлтыма деген құрметім қай жерде жүрсем де, үлкен жігер береді. Қазіргі таңда сүйікті мамандық иесімін. Осы мамандыққа мені үйреткен Сүйікті ұстаздарым еді, біздерге Қазақ қыздарына білім мен тәрбиені қоса үйреткен Қазақ Қыздар педагогика институтына және ұстаздарыма алғысым шексіз. Оқуда жүргенімізде парасатты және мейірімді Сара Алпысқызы Назарбаева адам тұлға болып қалыптасуына ең бірінші, «Өзін танып», «өзімен көп жұмыс жасау»- керек екендігін айтып отыратын. Сондықтан «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» — деп бекер айтпаған дана халқымыз.
Отанымыз жайлы, еліміздің ғұламалары, өркениеті, тарихы, тәуелсіздікке қол жеткізген бабаларымыз жайлы күнделікті сабақтарымда айтып отырамын балаларымның патриотты болып өсуіне менде тілектеспін.
«Бұтаққа су, ұрпаққа рух бермесең, көгермейді»- деген Абылай хан.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзіндегі барлық елдерге түгел танылды.

Индира Жақсымбетова,
Щучинск қаласының №2 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Comments are closed.