Тәуелсіз елдің ұстазы қандай болу керек?

0
175

Тәуелсіз елдің мұғалімдері тәуекелшіл, психолог, білікті педагог, көшбасшы, заманауи технологияны игерген,рухани бай, әмбебап, интеллигент болуы керек. Педагог сөзінің өзі тәрбие мен ұстаз ұғымына етене жақын. Бірақ мұғалімнің өзі білікті әрі сауатты педагог болғаны дұрыс. Шәкіртке түрлі әдістер арқылы тәрбие беру, білім суымен сусындату, ең маңызды дүние.

Тәуелсіз елдің мұғалімі өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен қоса, сол ортада көшбасшы бола білу керек.Қоғамды соңынан ертуге қауқарлы, ісіне берік әрі тия-
нақты болғаны жөн. Көштің басын бастау әрине қиын, дегенмен бұл жаңа дамыған дәуірдің талабы.
Классикалық кітаптың, қалам мен қағаздың дәурені өтіп бара жатқаны шындық. Дегенмен кітаптың құндылығын айта отырып, оған шәкіртті қызықтыру үшін бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты заманауи инфрақұрылымдарды, техниканы меңгеру керек. Соның ішінде компьютердің ішкі жүйесін, офистік бағдарламаларды, электронды тақталарды игеру арқылы жаңа заманға бейім жастардың көңілін аулап сабақты қызықты өткізе алуында.
Мұғалімнің әмбебап болуы әлдеқайда маңыздырақ.Мұғалімнің әмбебаптығы жан-жақты білімді, білікті, тартысқа түссе тарпаңдап шығып, додаға түссе бәйгені бермес, шәкіртке түрлі әдістемелік құралдар арқылы жағдай жасаса онда ол бір ғана мұғалімнің емес, бір мектептің, тәуелсіз елдің абыройы болар еді.
Талабы күшті қоғамның ағысы қатты. Ал сол ағысқа қарсы шәкіртті дайындау тағы да мұғалімнің еңбегі.
Мен қазақпын деп мақтанамын,
Алыстан алаш келсе аттанамын
Мен-қазақ, әкем-қазақ, шешем-қазақ.
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!
Сен- неткен бақытты едің келер ұрпақ, — деп Қ.Аманжолов айтқандай, біз бақытты ұрпақпыз. Ата-бабамыз тастап кеткен, мұра еткен жерге Тәуелсіздік орнаттық. Бұл өмір бойы ата-бабамыздың аңсаған арманы еді. Осы ұлан байтақ жерді сақтап қалу үшін ат дүбірі жеткен жерге дейінгі барлық жерді Тәуелсіздікті құру үшін қаншама боздақтарымыздың, қаншама ер-азаматтарымыздың қаны төгілген болатын. Осындай аманатқа қиянат жасамай біздер, жастар әрқашанда татулықта, бірлікте болып Тәуелсіз мемлекетімізді нығайтуға, көркейтуге ат салысуымыз қажет.
Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесекте ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе, жастар салқындылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашанда достыққа адал болса, бауырмашыл, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келмейді.
Қазақстанның көпұлтты халқының жұлдызы жоғары болуына, туған еліміздің дәулетті де, сәулетті болуы жолында қызмет ету әрбіріміздің парызымыз.
Отан, Отан сен болмасаң не етер ем,
Бұл өмірден бақытсыз боп өтер ем.
Құпиясыз, жыртқыш інсіз болмайды,
Өмірде Отансыз жан оңбайды,- демекші Біздің Отанымыздың барына, осындай Тәуелсіз ел болғанымызға мақтан етуіміз керек. Тәуелсіздігімізге Тәуба дейтін заманда татулық, бірлік –біздің басты ұранымыз болуы тиіс. Татулықты және тұрақтылықты – дамудың тұғыры еттік. Біздің барша жетістіктеріміздің бастауы-бірлік. Бірлігімізді тұмардай сақтай білсек, еліміз үшін алынбайтын белестер жоқ. Ол үшін әрқайсымыз өзі-
мізге жүктелген тарихи жауапкершілікті сезіне білуіміз керек.
Тәуелсіздік қалай келгенін бәріміз білеміз. Енді осы тәуелсіздігімізді одан әрі нығайту біздің, яғни, жастардың қолында. Жастарды тәрбиелеу – әр ұстаздың қолында.
Қай уақытта болмасын, мұғалімнің орны тақтан
биік!

Қ.Байдаулет,
№9 Меркі колледжінің арнайы пәндер оқытушысы

Comments are closed.