Адалдық сағаты
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде жыл бойында әр айда 1-10 сынып білім алушыларымен сынып жетекшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің бастамасымен адалдық сағаттары ұйымдастырылып өткізіліп отырылады.»Туралықты тұғыр еткен Төле би», «Қазыбек би мұрасындағы парасаттылық қағидаттары», «Мұқағали Мақатаев-мәңгілік ғұмыр» тақырыптарында тағы да көптеген тұлғалардың парасаттылық құндылықтарымен таныстырылды. Соның бірі қазақтың ең көрнекті ақыны, ағартушы-демократы «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әділдік философиясы» тақырыбында өткен адалдық сағаты. Пікір алысуда Сұлтанмахмұт Торайғыровтың адалдық құндылықтарына негізделген шығармашылығымен тереңірек мағлұмат беріліп, таныстырылды. Қазақстанның жастары, Қазақстанның байлығы. Жас ұрпақ білімді, зейінді, тәрбиелі, парасатты болып тәрбиеленуі ел үшін айырықша екені анық. Ең алдымен атамыз адам бойындағы адал қасиеттерін жырлап өткен. Қазақ қауымы адал еңбек етіп,бойларына асыл қасиеттерді сіңіру керектігін ойға салған. Өз заманының озық ойлы ғұламасы «Бейне бір жаралғандай мал жимаққа, Адалдықтан ардан без, дамыл таппа, Мал сен үшін жаралмай, сен мал үшін, құл болмаған бай барма осы күнде, Малды жиып, мақсатын ұмытпаққа» дегендей, Сұлтанмахмұттың мұрасының адамзат үшін рухани құндылығын түсіну жас ұрпақ үшін парыз. Сұлтанмахмұт өз ұлтын сүйгіш,адам бойындағы қасиеттерін де жырға қосып кеткен. Әр адам өз еңбегімен жетістіктеріне жетуін қалады. Жастарды ғылым, білімге үйретті. Өлеңдерінде білім алу адамдық борыш екендігі туралы айтылған. Қазіргі заманда да аз ғана ғұмырында қалдырған мұралары өз құндылығын жоғалтпай сөз өнерімен ықпал етіп, айтқан тұшымды ойлары жас жеткіншек үшін маңызын жоймайтыны хақ! Сондай-ақ ірі тұлғалар мен қоғам қайраткерлерінің адалдықтың үлгісін паш еткен мұралары мен насихаттары Адалдық сағаттарында жыл бойы таныстырылып, білім алушыларға көрсетіліп отырылды.Әр адалдық сағатының жас ұрпақ үшін маңызы зор екені даусыз. Нәтижесінде білім алушылар заң бұзушылық кез келген жұмысқа кері әсерін тигізері бар екендігін ұғынып, әрдайым адалдық- ты ту етіп, шыншылдықтың тура жолын таңдау қажеттігін түсінді. Қорытындылай келе «Адамгершілік болмай,әділдік болмас», «Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде», «Адамның әдемілігі шыншылдығында» деген қанатты сөздерді жас ұрпақ тәрбиелеуде естен шығармаған абзал! Сондай-ақ адамзат үшін рухани құндылықтарды түсіну, оны жалғастыру бүгінгі жас жеткіншек өскелең ұрпақ үшін әрдайым парыз болары анық.
П.Батырбекова,
№22 ЖОББМ директордың құқықтық тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары