Менің тілім!
Тіл жүректің айтқанына көнсе жалған шықпайды.
Ақылдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады.
Абай Құнанбайұлы
Менің туған жерім Тәуелсіз Қазақстан, ол маған өте қымбат. Ғасырлар бойы тарихы бар, Ата заңы бар. Осы Тәуелсіздікке қол жеткізу үшін,қазақ елі көп тер төккенін тарихтан білеміз, ал қазіргі біз білетін Қазақстан-Егеменді,көп ұлтты, демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет. Қазақ елі аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Осындай елде туғаныма, өмір сүріп жатқаныма мақтанамын. Отан алдындағы парызыма үлкен жауапкершілікпен қараймын,өз елімде білім алып, ана тілімде сөйлеп және өзге тілдерді меңгеріп жүрмін. Оған дәлелім бар, қазіргі таңда өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілінен сабақ үйретіп жүрмін. Өз үлесімді Елімнің өркендеуіне қоссам деген, тіл жанашырларының бірімін. Жыл сайын мемлекеттік тілді оқыту мен үйрету дамып келеді. Елбасымыз айтқандай:«Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін», «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп туған тіліміздің «Мәңгі Ел» болу жолындағы мұратымыздың бастысы екенін айтқан. Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақ Елінің Тұңғыш Президенті болып сайланған тұстан Тіліміз өз мәртебесін жоғалтпаған. Ана тіліміз мәңгілік,ал тіл — елімізбен бірге мәңгілік тіл болды. Мысалы, тіл туралы заң Қазақстандағы тіл саясаты құжаттар жинағында жүйеленген. Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі,яғни Тілдер туралы Заңы және Мемлекеттік бағдармалар қазіргі қазақ тілін модернизациялау шараларын жүргізуде.
Елбасының тапсырмасы-мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру деген, Ол үшін қазақ тілінің оқытушыларына күнделікті сабақтарында типтік бағдармалар әзірленді. Тіл үйренушілердің пікірлері мен қарым-қатынастары өте жақсы қалыптасты.Әсіресе менің мұғалім ретінде байқағаным, қазір мемлекеттің бүкіл аумағында және қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, атап айтсам заң, сот ісі және іс-қағаздарын құжаттауын жүргізу тілі болды. Осыған сәйкес Тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық бірінші басшылары не жауапты хатшыларында екенін Қазақстан Республикасының Президенті айқындап халыққа жеткізді.
Менің ойымша, егер адам өзге тілді білетін болса, ол рухани бай адам деп ойлаймын. Өйткені сол тіл арқылы басқа халықтың мәдениетін, дәстүрін үйренеді, басқа тілді үйрену арқылы танымы кеңейеді. Сондықтан мен өз замандастарыма тілімізді құрметтеуге шақырамын. Өйткені, ғылым мен техника заманы дамып тұр. Қазіргі кезде мемлекеттік тілді дамыту жөнінде көптеген іс- шаралар жүзеге асырылуда.Жастарға мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетіліп келе жатыр. Ұлтқа,дінге қарамай мемлекетіміз барша Қазақстандықтарға қамқорын аямай отыр.Еңбектенемін десеңіз, бәрі өзіңіздің қолыңызда.
«Қазақстан 2050» Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Олай болса мәңгілік елдің онымен қатар жасап бірге дамыған, мәңгілік тілі болуы міндетті. Қазіргі кезде мемлекеттік тілді дамыту жөнінде көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда. Тіл-ата-анамыздың басты арманы,балаларының алдына қойған мақсаты. Сондықтан менің мақсаттарым, армандарым өте көп. Бұның бәрі Елбасымыздың жүргізіп отырған саясатының арқасында, өйткені еліміз тыныш, аспанымыз ашық, бірлігіміз мықты. Біз оны мақтан етеміз. Алғыс айтамыз. Мен өз еліме бейбітшілік, жақсылық тілеймін. Менің елімнің жері кең, пайдалы, құнарлы, қазбаларға бай өлке.
Қазақ елі 1992 жылы БҰҰ-ның мүшесі болды. Біз ТМД Мемлекеттерінің арасындағы экономикасы дамыған елміз. Қазақстан-Еуразия құрлығында орналасқан бақытты халық. Әр азаматын жігерлендіретін Гимніміз, мақтаныш сезім ұялататын Елтаңбамыз, ерлікке жетелейтін Туымыз, экономикалық дербестігімізді танытатын төл теңгеміз бар.
Өзімнің туып өскен жерім, балалық балғын шағым Оңтүстік Қазақстан облысында өтті. Туған жеріме деген сүйіспеншілігім,тіліме деген тағзым,ұлтыма деген құрметім қай жерде жүрсем, де үлкен жігер береді. Жылдар өтіп, біз есейдік. Отбасын құрдым,ана атандым, сүйікті мамандық иесімін. Менің мамандығым ең керемет, өйткені болашақ біздің көз алдымызда тәрбиеленіп жатыр.Күнделікті өзімнің сабағамда Отанымыз жайлы,еліміздің ғұламалары, өркениеті, тарихы, тәуелсіздікке қол жеткізген бабаларымыз жайлы айтып отырамын, балаларымның патриот болып өсуіне мен де тілектеспін.
Қазіргі тұрып жатқан жерім Солтүстік Қазақстан облысы,Бурабай ауданы. Оны бәрі “Қазақстан Швейцариясы” деп атайды. Бурабай көлiнiң айналасында шипажай, демалыс орындары орналасқан. Мұнда таза ауа мен қымызбен емделеді. Бурабай табиғатының көркемдiгiнен әлем курорттарының iшiнде ерекше орын алады. Оның ақындық атауы бар-«Қазақстанның інжу маржаны».
Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзіндегі барлық елдерге түгел танылды. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, салт – дәстүрдің, ұлттық сананың тірегі. Тәуелсіздік орындалған арман.
Міне, бүгін мен болашаққа деген жарқын сеніммен алға қарай нық қадам басып келемін, Отаныңды барынша қорғауың керек. Отаным менің тағдырым,мақтанышым.
Меніңше, Отан мен Ана бір-бірін толықтыра түсетін ұғым.Бізді осы өмірге әкелетін ана,ананың сүтімен ана тілімізді сүйеміз.
Индира Жақсымбетова,
Щучинск қаласының №2 ЖОББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі