Жолдау – дамудың жаңа бағыты
Ағымдағы жылдың шілде айының 01 жұлдызы күні Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Көмек керуені» волонтерлік жобасы аясында «ММ Меркі» ойын-сауық орталығында «Жолдау – дамудың жаңа бағыты» атты ерікті кеңес беру алаңы өткізілді.
Шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын іске асыру, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, жастардың дүниетанымын арттыру, жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету және ынталандыру, жастарды мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру.
Шара барысында, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі, «Халықты жұмыспен қамту орталығы», «Денсаулық сақтау бөлімі», аудандық ішкі саясат бөлімі ерікті кеңес беру алаңына қайырылған аудан тұрғындарына психология, дін, жұмыспен қамту, медицина бойынша кең ауқымды кеңестер берді. Жастардың көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап берді. Іс-шараға 70-ке жуық жас қамтылды.
Нәзерке Айдарбек,
Жастар ресурстық орталығы КММ-нің бизнес-тренері