Сақтық сан соқтырмайды

0
836

Оның бетін қайтарып, бұрнағы қалпымызға қайта оралу үшін
барлық санитариялық талаптар мен заңдылықтарды сақтап, тек жеке
бастың ғана емес, айнала орта мен қоғамның қауіпсіздігіне де баса
көңіл аударғанымыз жөн. Жуырда ғана ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ТЖ
жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында ахуалдың ушыға түскендігін ескеріп, індеттің ауыздықталуы үшін төтенше жағдай және карантин режимін
бұзғандарға қатысты шараларды қатаңдату мәселесін көтергені де осы қажеттіліктен туындап отыр. Аталған отырыс кезінде мемлекет басшысының: «Қатаң санкцияларға көшетін уақыт жетті… Мұндай жағдайларда «үнемдеуге» және «оңтайландыруға» жол жоқ»– деп, кесіп айтқаны да аты жаман кеселдің кері қайтуына ұйытқы
болмақ деген ойдамын. Біздің «Сарымолдаев» дәрігерлік амбулаториясы да
вирустың бетін қайтару жолында құзіретіне сай келетін өзіндік іс-әрекеттерін жасап бағуда. Ең алдымен, аурушаңдықтың алдын алу үшін келушілер арасында үгіт-
насихаттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қарапайым сақтық шараларына барынша мән беруге шақырудамыз. Бұл үрдісті аудандық орталық аурухананың бас
дәрігері Райымбек Нұржанов пен біздің амбулаторияның аға дәрігері
Гүлнар Оспанованың ұжым алдында бекіткен тапсырмасы бойынша тек белгілі бір жұмыс уақытында ғана емес, сонымен қатар, одан тыс бос кезімізде ауылдастар
мен көрші-қолаң арасында да кеңінен жүргізудеміз. Иә, мемлекет басшысы
айтқандай, індет, дағдарыс дегеніміз – уақытша, өтпелі кезең. Дегенмен, шақырылмаған тәжді вирусты толық аластату үшін бәріміздің бір жеңнен қол,
бір жағадан бас шығарғанымыз абзал.

Comments are closed.