Отбасы – аялы алақан мекені!

0
1003

“Отбасы шағын мемлекет” деген сөздің өзінде қаншама мағына бар. Отбасы шағын мемлекет дегеніміз – ол, әрине әкеміз, анамыз және де ұрпағымыз. Өз отбасымды, әрине, айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым қазақ отбасылардың бірі деп санаймын. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз – жан әкешім.
“Әке- асқар тау,
Ана- етегіндегі бұлақ,
Бала-жағасындағы құрақ”
-деп тегін айтылмаған. Ата-анасын, аға-сіңлілерін сыйлай білген адам, жақындарына жақсылық тілеген адам, қоғамда, жүрген ортасында, әрқашанда жанашыр болады. Осының бәрі “ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің ” деген мақалға сай келіп тұр. Яғни отбасында көрген тәлім-тәрбиесі, жадына тоқығанының арқасында көкірегі ояу, көрегенді, ибалы болып өсуіміздің кепілі . “Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет” сыйласу арқылы бірлікте өмір сүреміз. Үлкендеріміз өздерінен кейінгі ұрпаққа білімді, тәрбиелі өнеге көрсетсе, еркелігімізді көтерсе, қателескен кездергі қателігімізді түсініп кешіре біліп, дер кезінде ақыл-кеңесін аямайтын, осы дүниенің тек тәтті тұстарын көрсетуден, жақсылыққа итермелеуден жалықпайтын әке шешеміз. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Бірін-бірі демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмаудан үміттенемін. Менің отбасым, менің өмірімнің мәні. Отбасыммен әрқашан мақтанамын, марқаямын.

Даулетиярова Сүмбілшаш,
№9 Меркі колледжінің өндірістік оқыту шебері

Comments are closed.