Қайыр-садақаның қайтарымы бар
Қиналған адамдарға қайыр-садақа берсең оның қайтарымы екі дүниеде де болады екен. Осы сөзімнің дәлеліндей бір оқиғаны газет оқырмандарына баяндағым келеді.
Бірде аты әлемге әйгілі Мұстафа Шоқай Франция көшесінде келе жатса алдынан бір адам шығып қайыр-садақа беруін өтінеіп сұрайды. М. Шоқай ойланбастан қалтасындағы әмиянын шығарып ақшасының тең жартысын әлгі кісіге береді.Қуанып кеткен ол батасын беріп, риза болады. Біраз уақыт өткен соң М. Шоқай Өзбекстанға келеді. Бір күні ол көшеде кездейсоқ бір бұзақыларға тап болады. Бір топ адам жабылып, ұрып, өлтірмек болады. Сол кезде біреуі « Тоқтай тұрыңдар, қандай адам екен, бет-жүзін көрейін» деп жақын келіп Мұстафа Шоқайды танып, қуанып кетеді. Сөйтсе ол баяғы өзі ақшасының жартысын берген кісі екен. « Мен шет елде жүріп , қиын жағдайға тап болдым. Сол кезде осы кісінің жақсылығының арқасында тірі қалдым. Берген ақшасына тамақ алып ішіп , есімді жиып, еліме келдім»-дейді. Ия, тіршілікте бір-бірімізге демеу болсақ, жасаған жақсылығың текке кетпейді, әйтеуір алдыңнан шығады екен. Осыны естен шығармайық, ағайын.
Әшен Қырғабақұлы,
зейнеткер