СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ — ІНДЕТ
«Nur Otan» партиясының сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы-
«Қазақстан-2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» және
«Қазақстан жолы — 2050:- Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» атты Жолдауларында
Қазақстан Респуб-
ликасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойылған
стратегиялық мақсаттарға жету сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу
арқылы ғана қол жеткізуге болады-деген. Қазақстан посткеңестік елдердің ішінде
ең алғаш болып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік
қызмет туралы» заңдарды қабылдаған мемлекеттердің бірі. Бүгінгі таңда Сарымолдаев
ауылдық округінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша жұмыстар жүйелі түрде
жүргізілуде. Жыл басында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025
жылдарға арналған стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы
іс-қимыл жөніндегі 2015-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуда ауылдық округтегі жергілікті
қоғамдастық мүшелерімен де тығыз байланыста жұмыс жасалуда. Округ аппаратында
жоспарланған әр электронды мемлекеттік сатып алулар, бюджет кірістері мен
шығыстары қоғамдастық жиналыстарында талқыланады. Бірінші кезекте ауылды
көркейтуге бағытталған күрделі мәселелерді қолға алу туралы хаттамалар
толтырылып шешім қабылдануда. Сонымен қатар жарты жыл сайын жеке ,заңды тұлғалардың
салықтарынан түсетін жеке шоттағы қаражаттардың игерілуіне қоғамдастық
комиссиясы тұрақты мониторингі жасауда. Бұл ауылдың зиялы азаматтарының да
жемқорлықтың алдын-алуға қосар үлестері мол екенін көрсетуде. Округ аппараты
қызметкерлердің арасында жұмыс тобы
құрылып сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ішкі талдау жүргізіліп,
аудан аппаратына үнемі хатпен хабарлануда. Округте сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу
мақсатында бақылау күшейтілуде, дәліздерге бейнекамералар қойылды. «Nur Otan»
партиясының бастамасымен және аппараттың ұйымдастыруымен мемлекеттік
мекемелерде, мектептерде «Жемқорлыққа-жол жоқ», «Адалдық алаңы»,
«Жемқорлық-індет» атты дөңгелек үстелдер
мен акциялар, жергілікті полиция қызметкерлерінің қатысуымен ауыл көшелерінде
қоғамдық қабылдаулар өткізіліп тұрады. Қоғамдық кеңес тарапынан да ауылдық
округте мемлекеттік бағдарлама аясында жасалып жатқан игі істердің сапасы
қадағаланып бақылануда. Аудандық «Nur Otan» партиясының Сарымолдаев бастауыш
ұйымы да округтегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысына үнемі атсалысып осы
тақырыпқа байланысты дөңгелек үстелдер ұйымдастыруда. Айта кетсек, 2019 жылы Сарымолдаев ауылдық округі әкімінің
аппаратына барлығы 219 жазбаша өтініш келіп түскен, оның ішінде жеке
тұлғалардан 206, заңды тұлғалардан 13. Сонымен қатар 2019 жылы әкімінің жеке
қабылдауына әр түрлі мәселемен 232 адам қабылданды. Келіп түскен
арыз-шағымдарды талдайтын болсақ ауыл тұрғындарын негізінен толғандырып отырған
жер және жер қатынастары мәселелері, оның ішінде жерді заңдастыру, жерді жеке
меншікке сатып алу, жерді қайта рәсімдеу, халықтың әлеуметтік тұрмыстық
жағдайы, материалдық көмек көрсету т.б мәселелер. Аппарат қызметкерлеріне ауыл
тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсетуде, өтініштерін қабылдау кезінде
қызметтік этиканы сақтау, жұмыс барысында
тиісті қызметтік киім үлгісін кию керекті қатаң ескертілген. Сонымен қатар пара беру, алаяқтық
жасағаны үшін әр қызметшіге Заң аясында қылмыстық жауапкершілік көзделгендігі
туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда білім саласы және аппарат қызметкерлері арасында сыбайлас
жемқорлық фактілері тіркелмеген. Округте жоспарға сай бекітілген мемлекеттік
сатып алулар ҚР сатып алу Заңына сәйкес жүргізілуде, қаржы бақылау органдары
тарапы мен қатысушы әлеуетті жеткізушілерден еш наразылықтар түскен емес,
керісінше электронды сатып алу тиімділігі мен ашықтығы жүйелі түрде артып
келеді. Үстіміздегі жылы жаппай белең алған Коронавирус індеті кезінде жұмыстар
ауқымы өсіп, көптеген мемлекеттік қызмет көрсету түрлері дер кезінде Егов порталы
арқылы уақытылы көрсетіліп, тиісті анықтамалар берілді. Бұл ретте Электронды
базалы интернет бөлмелер жасақталған, бұл қызметкерлердің тұрғындарға жедел
қызмет көрсетуімен қатар ашықтықтық пен жариялылық қағидасын ұстануды сақтап-
«Сыбайлас жемқорлық» жасалу тәуекелдерінің алдын-алуға өз үлесін қосуда.
«Қазақстан-2050» Стратегиясындағы міндеттер елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимылдың тиімділігінің сапасын арттыруға бағытталған ауқымды бағдарлама
екені аян. «Сыбайлас жемқорлықпен күресу — баршаның және әр адамның міндеті.
«Nur Otan» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025
жылдарға арналған бағдарламасында қойылған мақсаттар мен міндеттерді іс жүзіне
асыруға атсалысу әр мемлекеттік қызметкердің парызы деп санаймыз.
Б.С.Құралбаев,
Сарымолдаев
ауылдық округі әкімі
аппаратының заңгері