ЕЛДІГІМІЗДІҢ ЕҢСЕСІ – ДОМБЫРА

0
20994

Кең даланы мекен өткен қазақ жұртының ең аяулы, қасиетті аспабы-домбыра. Оның сымдай тартылған қос ішегінде сан ғасырлардың ақыл-ойы, көңіл-күйі жатыр.

Домбыра – елдің көнекөз шежіресі,- деп Ахмет Жұбанов айтқандай, домбыра – қазақ елінің көнекөз шежіресі, ұлттық кодымыздың айнымас бөлігі. Қазақ  халқының жан серігі, рухани азығы болып келген домбыраны қастерлеу парызымыз. Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Сүгір сынды бабаларымыздан мирас болып қалған күй өнерін жандыруда домбыра күнінің алар орны ерекше. Елбасымыздың шешімімен шілденің бірінші жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» болып жарияланды. Жыл сайын атап өтілмек бұл мерекелік күннің ұлттық руханиятымызға қосар үлесі салмақты болмақ.  Осыған орай, аудандық Оқушылар «Үміт» сарайы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ниязбекова  және «Қазына» дәстүрлі ән үйірмесінің педагогы Бөлекбаева Гүлнар шілденің бірінші  жексенбісі күні, домбыра күніне арнап, «Қасиетті домбыраның» күмбірлеген үнін, бебеулеткен күйін келтірген, жас домбырашылар оркестрінің басын қосып, Құрманғазының «Балбырауын» күйін тартқызып, «Домбыра» күнін атап өтті.

«Nur-Otan» партиясы Меркі аудандық филиалының «Алатау» бастауыш партия ұйымының төрайымы, аудандық Оқушылар»Үміт» сарайының директоры З.Бейсенбаева «Nur-Otan» партиясының республикалық желілік кестесіне сәйкес, ағымдағы жылдың 30 маусым күні «Астана күні» мерекесіне орай Open форматында ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен қазақтың ұлттық күйлерін орындау бойынша іс-шара өткізді. «Үміт» сарайының жас домбырашылар оркестрі, Құрманғазының,  Тәттімбеттің, Тоқаның күйлерін күмбірлете орындады.

Суретте: Жас домбырашылар.

Ә.Боранқұлова,Оқушылар «Үміт» сарайының педагогы

Comments are closed.