ЕЛ МЕРЕЙІН ТАСЫТҚАН МЕРЕКЕЛЕР
Аудан тұрғындарының бос уақыттарын мәнді де мағыналы өткізуі және оларға рухани демеу боларлық іс шараларды өз деңгейінде ұйымдастыру, халыққа сапалы мәдени
қызмет көрсету тұрғысында ауданымыздың мәдениет саласы қызметкерлері үлгі боларлық істер атқаруда. Көптің көңілінен шығып, аты аудан ғана емес облыс, республикаға танымал «Меркі әуендері» ән-би ансамлі,»Меркі» халық театры, «Естелік» ардагерлер хоры мен «Береке» әжелер тобының өнерлері елдің сый-құрметіне, қошаметіне ие болып келеді.Аудандық орталық Мәдениет үйінде әр мереке, атаулы күндерде мерекелік іс-шаралар дүрілдеп өтіп жатса,ауылдық клубтар мен мәдениет үйлері,кітапханалар да маңызды кездесулер, концерттік бағдарламалардың орталығына айналып, тұрғындардың көңілінен шығуда.Осындай ауқымды мәдени іс- шаралардың ішінде аудандық Мәдениет үйінде Қазақстанның Еңбек Ері, Т. Рысқұлов ауданының «Шәушен» шаруа
қожалығының басшысы, кәсіпкер Сайрамбай Дөненбаевпен өткен кездесу кеші, «Жамбыл –менің жай атым, халық менің шын атым» атты республикалық ақындар айтысы, аудандық «Жез киік» қобызшылар конкурсы, Қ.Р. Мәдениет қайраткері Әскер Құлдановпен кездесу кеші, «Асыл ана» халақаралық әйелдер мерекесіне арналған мерекелік концерт,Наурыз мерекесіне арналған «Армысың Әз Наурыз» дәстүрлі мерекелік іс-шара, «Көрісу» күні және т.б мерекелер тұрғындарға мерекелік көңіл-күй, жастарға үлгі боларлық пікір қалыптастырды десе болғандай.
Осындай мәдени іс-шараның бірі 1- сәуір «Күлкі күні» мен « Жастар» жылына орай Ақтоған мәдениет үйінде «Әзіл әлемі» атты әзілкештер байқауы. Байқауға бес ауылдық округтен әзілкештер қатысып, елді әдемі әзілге қарық етті.Ал, Ақарал ауылдық клубында облыс-
тық «Тараз симфониясы» өнер фестивалінің іріктеу кезеңіне 9 үміткер қатысып, оның 8-і аудандық фестивальге жолдама алды.Сондай-ақ, осы клубта «Келін ененің топырағынан» атты ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптейтін байқау өтті. «Аққайнар» ауылдық клубы қызметкерлері ұйымдастыр-
ған «Сырласайық жеңеше» байқауы «Отбасы күніне» арналса, «Үміт» оқушылар сарайында Қ.Р.Президентін сайлау қарсаңында «Ән-жырым, саған туған ел» іс-шарасы президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау мақсатында өтті.
4-маусым Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер күніне орай «Ақермен» ауылдық кітапханасы мен мәдениет үйі бірлесіп ауыл ақсақалдары мен жастары қатысқан «дөңгелек үс-
тел» отырысын өткізіп, ауылдың келешегі туралы, мемлекеттің рәміздері туралы келелі әңгіме қозғап, бейнероликтерді тамашалады.
Осындай 435 іс-шара ауданымыздың барлық елді мекендерінде ұйымдастырылып, аудан тұрғындарына мәдени қызмет көрсетіліп келеді.Сондықтан да халыққа мінсіз қызмет етіп, әсем әндері мен тәтті күйлерін, мың бұралған билерін тарту етіп, көңілдерін шат еткен аудан өнерпаздары, түрлі іс-шаралар өткізіп оқырмандармен қоян-қолтық қызмет атқарған кітапхана қызметкерлері ел алғысына бөленуде.
Ендеше, ел игілігі үшін атқарған еңбектеріңіз жемі-сін беріп, жұлдызды сәттеріңіз, жеңісті күндеріңіз көп болсын!
Мейіркүл Әбжанқызы,
«Меркі Ақиқат»