«Бірге – Таза Қазақстан»

Жуырда Меркі ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мен 2035әскери бөлімі республикалық «Бірге – Таза Қазақстан» атты жалпы сенбілік өткізу туралы Үндеуді қолдау мақсатында Меркі шипажайы аумағында сенбілік ұйымдастырды. Аталған сенбілікке аудан әкімдігінің бөлімдері, ауылдық округ әкімдіктері және 2035бөлімшесінің әскери қызметкерлері қатысты. Тазалық сенбілігіне 126 адам, 2 техника жұмылдырылып, барлығы 5 тонна күл – қоқыс шығарылды.
Жазғы демалыс кезінде тау бөктерінде таза ауа, салқын су қасында демалушылар саны күннен-күнге артуда. Меркі ерекше табиғатымен туристерді де көптеп тартуда. Бірақ осы табиғатты аялап, тазалық сақтап, өзімен бірге қоқыс, қалдықтарын алып кетіп жатқан азаматтар кемде кем. Мұнда күнделікті жүзден аса демалушы барады, ал демалыс күндері мүлдем көп. Отбасымен жиналып, құдалық күтіп, қаладан келген туыстарын күтіп жатқандар қаншама. Егер осылайша қоқыс тастау «дәстүрі» тоқтамаса, керемет табиғамыздың, киелі мекеніміздің қадірі кетпей ме?! Өз елінің, жерінің нағыз патриоты табиғатын ластауға жол бермесі анық. Табиғат-ананың құшағын жайып, адам-баласына берген байлығы шексіз. Тек осы байлықта сақтап, аялап, қорғай білсек, ағайын!