БЖЗҚ бұрын ұсталған жеке табыс салығының қайтарылуы туралы хабарлайды
«БЖЗҚ» 2018 жылдың 1 каңтары мен 2019 жылдьң 14 сәуірі аралығында жеке табыс салығын (ЖТС) ұстай отырып БЖЗҚ-дан зейнетақы тѳлемдері тѳленген, табысты түзeтy немесе салық шегерімін қолдануға құқығы бар зейнетақы тѳлемдерін алушыларға қайта есептеу жүргізіліп, оларға бұрын ұсталған ЖТС қайтарылып жатқандығын тағы да ескертеді. Бұған негіз болатын кұжат: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша ѳзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241-VI Заңы. Оның нормалары 2018 жылдың 1 каңтарынан бастап орын алған қатынастарға таратылады.
Осыған байланысты БЖЗҚ мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ жерлеуге байланысты біржолғы тѳлемдерді алушыларға бағытталған хабарлау науқанын жүргізyде. Ѳйткені Қор олардың жоғарыда аталған санатқа жататындығы туралы ақпаратқа ие.\
Қор ұсталған ЖТС-тың ѳтелетіндігі туралы хабарламаны алушыларға мынадай әдіспен жібереді:
- зейнетақы тѳлемдерін алушылардың ұялы телефондарына SMS-жіберілім жолдау (егер телефон нѳмірі тѳлемді тағайындау туралы ѳтініште кѳрсетілген болса);
- электрондық пошта мекенжайына (электрондық пошта зейнетақы тағайындау туралы ѳтініште кѳрсетілген болса);
- пуш-хабарлама (зейнетақы шоты бойынша ақпарат алудың электрондық тәсілі таңдалған болса).
Салық шегеріміне құқығы бар зейнетақы тѳлемдерін алушылар ұсталған ЖТС-ты қайтару үшін Қорға мынадай құжаттар ұсынады: табысты түзетyді немесе салық шегерімін қолдану құқығын растайтын құжаттардың кѳшірмесі (жерлеуге байланысты біржолғы тѳлемдерді алушылар мен мүгедектерді қоспағанда, себебі БЖЗҚ бұған дейін жерлеуге байланысты біржолғы тѳлемдерді алушылардан қорда зейнетақы жинақтары бар салымшының қайтыс болғаны туралы куәлік алған және мүгедектердің орталықтандырылған базасына кол жеткізу құқығына ие); табысты түзетyді немесе салық шегерімін колдану жѳніндегі ѳтініш (оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы тѳлемді тѳлеу жѳніндегі ѳтініш те бар).
Ұсталынған жеке табыс салығының ѳтелуіне қатысты құқық зейнетақы тѳлемдері, оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы тѳлемдер жүзеге асырылған күннен бастап 5 жыл бойы сақталады.
Айта кетелік, бұл құқық табыстардың басқа түрлері бойынша салық заңнамасында кѳрсетілген шекте табысты түзетyді немесе салық шегерімін пайдаланбаған тұлғаларға таратылады.
Зейнетақы тѳлемдерін алушылар ѳтірік ақпарат бергені және Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін заң алдында жауап береді.
Табысты түзетyге немесе салық шегеріміне құқығы бар жеке тұлғалардың тізімі БЖЗҚ www.enpf.kz сайтында («Қызметтер»/Алушыларға/Зейнетақы тѳлемдеріне салық салу тәртібі бѳлімінде) кѳрсетілген. Толык акпаратты 1418 тегін нѳмірі, сондай-ак қор кеңселері мен сайты арқылы алуға болады.
«БЖЗҚ» АҚ баспасѳз орталыгы БАҚ, үшін байланыстар: press@enpf.kz