Егін орағы – 2019 Сыпатайлықтардың мол өнімі
Ауданда егін орағы басталып, науқан қарқын ала түсуде. Оған алдымен кіріскен Сыпатай батыр жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өткен сәрсенбіге қарай 500 га арпа бастырып алынды. Гектар түсімі орта есеппен әзірге 35 ц-рден айналып тұр.
Биыл жылдағыдай тұқымдық алқаптардағы егіннің шығымы тіпті қуантарлық. 100 га жерге мұнда Қазақтың егіншілік ғылыми зерттеу институтынан алып келінген суперэлита Стекловидная – 24 сұрыпта тұқымды күздік бидай себілген болатын. Тұқымдық бидай көбейтіліп, өзге шаруашылықтарға сатылып, игілігін бүкіл аудан, облыстың да кейбір шаруашылықтары көрмек.
Серіктестікте биыл 1500 га бидай, 500 га арпа жинап алынады.
Бидайдың Франциядан алып келінген «Эвклид» сұрапы өткен жылы гектарынан орта есеппен 70 ц-рден түсім берген-ді дейді шаруашылық директоры Қанат Кеналыұлы Шайхиев, – биыл көрсеткіш бұдан да жоғарғы болайын деп тұр.
Орақ науқанына барлығы 45 адам қамтылып, 6 астық комбайны пайдаланылуда. Сөйтіп күніне 80-100 га-ға дейін егін орылуда.
Бақтыбай Абай,
Еркін Жасыбаев (суреттер)
«Меркі Ақиқат»