Теміржол қауіпсіздігін сақтау маңызды

0
906

Жуырда Меркі теміржол стансасында «Қауіпсіз теміржол» акциясы аясында теміржол жұмысшыларымен және осы аумақ тұрғындарымен кездесу өтті.Кездесуге Луговой стансасының желілік полиция бөлімшесінің бастығы,полиция майоры Ф.Отульшин,оның орынбасары ,полиция подполковнигі А. Жаңабаев, Меркі теміржол стансасының бастығы Д. Социалов,Меркі теміржол стансасының желілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Ғ. Құралбаев қатысты.
Жиналысты жүргізген Ғ. Құралбаев кездесуге қатысып отырған жауапты басшылармен таныстыра келе, сөз кезегін Ф.Отульшинге берді.Ол өз кезегінде теміржол қауіпсіздігін сақтау, адамдар өміріне қауіп төндірмеу өте маңызды мәселе екендігін, сондықтан да оны сақтау,кез-келген оқыс жағдайдың алдын алу, оны болдырмау мәселелеріне тоқталды.Келесі кезекте сөз  алған А. Жаңабаев:
-Біз Ақыртөбе стансасынан Чалдовар стансасына дейінгі аумақтың қауіпсіздігіне жауап береміз.Алайда теміржол қызметі Қырғызстан республикасына қарайтын болғандықтан теміржолда сол елдің азаматтары жұмыс істейді.Сондықтан да ол азаматтар біздің территорияда еңбек етіп жатқандықтан бәрімізге тәртіп ортақ.Осы орайда өздеріңізді толғандырған сұрақтар болса, ұсыныстарыңыз болса ортаға салыңыздар,- деді.
Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптылар  толыққанды жауаптар берді.Олардың ішінде ең маңыздысы, Меркі теміржолына өтпелі көпір салу мәселесі.Қанша жылдан бері шешуін таппай келе жатқан бұл мәселе шындығында да өзекті. Ары –бері өтетін жүргіншілер ғана емес осы аумақта №20 ЖББМ орналасқандықтан оқушылардың өміріне де қауіп төндіруде.Теміржол Қырғызстанға қарайды, бірақ оның қауіпсіздігіне біздің мемлекет жауапты.Сондықтан да бұл мәселені екі жақ келісіп, бірлесіп шешу кезек күттірмейтін, шешімін табуға тиісті мәселе.Теміржол басшылары осы тұрғыда тиісті орындарға хат жолдап, ықпал жасайтындықтарын, тұрғындар да осы мәселені біржақты етпейінше қарап отырмай жергілікті басқару орындарына өтінішпен қайыруларын сұрады.
Сондай-ақ,  кездесу барысында теміржол аумағында қандай да бір заттар салынған сөмкелер, пакеттер басқа да күдікті заттар кездессе, оны ашпай ,тез арада ЖПБ-ға хабарласу қажеттігін, себебі ол адам өміріне қауіп төндіруі, болмаса басқа да заңсыз заттар болып қалу қаупі бар екендіктерін қатысушылардың есіне салды.
Иә, «Сақтықта қорлық жоқ» демекші,жан-жағыңа қарап, сақтанып жүргеннің еш айыбы жоқ. Қай-қайсымыз болса да   қауіпсіздікті сақтап,  өз өміріңе және өзгенің өміріне үлкен жауапкершілкті сезінуді бір сәт те естен шығармаған абзал.

   

 

 

                                       Мейіркүл Әбжанова,
                                         «Меркі Ақиқат»

Comments are closed.