Алғысымыз шексіз!
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуге балаға»,- деп Абай атамыз дәл тауып айтқандай. Әрине,білім берген мекеменің де , білім беруші ұстаздың да арманы- өздері тәрбиелеген шәкірттерінің белгілі бір белеске шығып, өмірден өз орындарын табуларын тілейтіні анық. Сол түлектер бірнеше жылдан кейін мектепке өз жетістіктерін көрсетіп , алғыс айта келсе қандай ғанибет десеңізші!№6 Жалпы білім беретін мектебінің 1999 жылғы бітірген түлектеріміз мектебімізге өз сыйлықтарын тарту етті . Асыл азаматтардың жасаған игі істері-кейінгілерге үлгі болары сөзсіз . Дәлірек айтсақ , салтанатты жиын өтетін ауламызға ( брусчатка-қырланған кеспе тастар) орнатып берді. Біз ол кісілерге мектеп атынан , жане « Жас ұлан» балалар ұйымының атынан шексіз алғысымызды айтамыз. Жасалған істің саны емес, сапасы маңыздырақ . Сіздер жасаған істің пайдасы мол, себебі бұдан былай да әрбір салатанатты жиындарымыз мәнді де сәнді болмақ . Және бүгінде біз оған куәміз. Әрине айтпасада белгілі бұның бәрі -сіздердің белгігілі бірліктеріңіздің арқасы. Бірлік бар жерде тірлік бар . Нәтижесі айқын.
Білім алған мектептеріңізге сіздер алғыс айтсаңыздар , бүгінде мектеп сіздерге алғыстарын білдіріп,ақ тілектерін жаудыруда. Сіздердің жетістіктеріңіз — ұстаздардың үмітінің ақталғаны . Мектеп үшін де , шәкірт үшін де бұл бағындырылған белес, зор мақтаныш деп нық сеніммен айта аламыз. Сіздерге мың алғыс!
№6 ЖББМ-нің
10 «А» оқушысы
Жексенбиева Диана Елікханқызы