Жамбыл облысында «Меркі-Шу-Бурылбайтал» а/ж (7-273 шақырым) қайта жаңарту жобасы жүзеге асырылуда

0
258363

Жамбыл облысында «Меркі-Шу-Бурылбайтал» а/ж (7-273 шақырым) қайта жаңарту жобасы жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап, «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолының қайта жаңарту жұмыстары басталды.
Айта кететін болсақ, «Меркі-Шу», «Хантау-Бурылбайтал» телімдерінде ескі жол жамылғыларын фрезамен көтеру, жол үйіндісін салу (ЗП) және жол бойындағы құрылымдарды қайта орнату жұмыстары атқарылуда.
Бас мердігер «Синьсин» «Құрылыс және дамыту жөніндегі қытай компаниясы» ЖШС және «АБК Автодор НС» ЖШС құрамындағы Консорциум.
Техникалық қадағалау жұмыстарын «Аркада KZ» ЖШС және «Сапа СЗ» ЖШС құрамындағы консорциум жүзеге асырады.
Жұмыстың аяқталу мерзімі-маусым 2022 ж.

Comments are closed.