Қол жетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы

0
1726

 

Қ.Р. Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №820 қаулысы

Қ.Р. Ұлттық Банкі меншікті қаражаты және өз басқаруындағы қаражат 600 миллиард теңгеге дейінгі мөлшердегі қаражатқа Екінші деңгейлі банктерге бөлінді.

Екінші деңгейлі банктерге тартылған қаражаты мен меншікті қаражаты:

  • 100 миллиард теңгеге агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу;
  • 100 миллиард теңгеге дейін агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру;
  • 400 миллиард теңгеге дейін өңдеу өнеркәсібі және көрсетілген қызметтер бағыттары бойынша басым жобаларды қаржыландыруға бағытталуға тиіс.

Субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15%-дан аспайтын кредиттер бойынша жүзеге асырылады, оның 8%-ын ЖКС төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын болады.

Инвестицияларға жұмсалған кредиттерді субсидиялау мерзімі —  субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 7 жылдан аспайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі — субсидиялау мерзімін ұзартуға құқығынсыз 3 жылдан аспайды.

Толық ақпаратты: Ә.Ысмаилов көшесі №169 Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі 2-21-83, Меркі ауданы бойынша инвесторларға қызмет көрсету орталығы 8-708-715-12-88. Ә.Исмаилов көшесі №182 «Б» «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы 4-40-91.

 

Comments are closed.