Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

0
1387

Жуырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен Меркі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Ақарал және Сұрат ауылдарының мәдениет үйлерінде мемлекеттік қыз меттерді ашық, қол жетімді, әрі сапалы көрсету мақсатында ауыл тұрғындарымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.

 

Мәдениет үйінде жәрмеңке концерттік бағдарламамен басталып, жәрмеңкені ашу үшін аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы Досеке Тұрар Тұрсыналыұлына сөз берілді. Өз сөзінде ол аудан әкімдігі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы 8 айда
атқарған жұмыстардың қорытындысы бойынша мәлімет беріп, жиналғандарға әр сала бойынша мемлекеттік көрсететін қызметтер бойынша түсінбеген сұрақтарын қойып, белсенділік танытуларын сұранды.

Электрондық қызметтерді көрсетудің үлесін арттыру бағытында мемлекеттік қызметтерді электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы алу тәртібі туралы және қолайлы жағдай жасауға енгізілген «TelegramBot», «Мgov», «Еgov», «Digital Agent», және «Үшінші тұлғамен анықтама алу» қосымшаларын пайдалану бойынша бейнероликтер, слайд көрсетіліп, жиналған халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс, аудандық білім, жер қатынастары, АХАЖ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, мемлекеттік кірістер, әділет басқармалары, орталық аурухана, жер кадастры және жылжымайтын мүлік, көші-қон полициясы, аудандық аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы, халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары қатысты. Азаматтардың туындап жүрген сұрақтарына жауап беріліп, мемлекеттік қызметтерді алуға жағдай жасалды.

Жергілікті тұрғындардың  аталған іс-шараға қызығушылығын арттыру мақсатында концерттік бағдарламалар қойылып, жәрмеңкеге келген тұрғындар арасында Электрондық қызметтерді «TelegramBot», «Мgov», «Еgov» қосымшалары арқылы алу бойынша ойындар ойнатылып, анықтамаларды бірінші алған азаматтарға сыйлықтар табыс етілді. Тұрғындарға «EGOV» белгісі бар ыдыстар, қаламсаптар, күнтізбелер және кітапшалар таратылды.
Осыған дейін мұндай іс-шаралар аудан орталығынан шалғай орналасқан Андас батыр, Кеңес, Ақермен, Аспара, Тәтті, Сарымолдаев ауылдық округтерінде де өткізілді. Жәрмеңкенің өтетін күні, уақыты, орны туралы мәліметтер аудандық БАҚ-тарда және аудан әкімдігінің ресми сайтына жарияланған болатын.

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруинспекторлық бөлімі

 

Comments are closed.