Сайлау ,сайлау…

0
926

 

Сайлау, сайлау…

Алдымызда бір асу,

30 жылды артқа тастап,

Қыр асу.

Қоғам болып,қауым болып,

Жұрт болып,

Болашаққа ынтымақпен

Бір басу.

Елдің жайын биік ұстар бәрінен,

Табылса екен бір азамат

Жанашыр.

Біреулерге бақ пен таққа

Таласу,

Жемқорлармен жең ұшынан

Жалғасу.

Аңқау жұртты алдап,арбап

Айламен,

Содан кейін жағасына

Жармасу.

Сайлау, сайлау…

Кім ұстайды тізгінді,

Екіұштылау тағдырымыз

Бүгінгі,

Желілерде бірін-бірі жейтіндей,

Айқасады қазағымның

Ұл-қызы.

Біреу жақтап айлакерді,

Түлкіні.

Сөз айтады біреулері күлкілі,

Жағаласып,төбелесіп, тістесіп,

Өткізерміз бір күнді…

Сайлау, сайлау…

Ақ пен қара жарылар,

О бастан-ақ қазағымның бағы бар.

Өз елінің ақтайтұғын сенімін,

Ту көтерер

Бір азамат табылар…

 

Мейіркүл Әбжанова

Comments are closed.