«Педагогтердің авторлық тәжірибесін тарату – кәсіби дамудың негізі» тақырыбында колледжішілік тәжірибе тарату семинары өткізілді

🎓Колледжде педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, авторлық тәжірибесін насихаттау және озық педагогикалық тәжірибені кеңінен тарату мақсатында «Педагогтердің авторлық тәжірибесін тарату – кәсіби дамудың негізі» тақырыбында колледжішілік тәжірибе тарату семинары өткізілді.
📌Семинар барысында педагогтердің авторлық оқу-әдістемелік құралдары, әдістемелік ұсынымдары мен дидактикалық материалдары таныстырылып, олардың оқу-тәрбие үдерісіндегі тиімділігі талқыланды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, кәсіби пікірлерімен бөлісіп, білім беру сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.
📌Аталған семинар педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамытуға, авторлық тәжірибесін кеңінен таратуға және білім беру үдерісіне заманауи әдіс-тәсілдерді енгізуге ықпал етті.


















