«ЛИНГВИСТ – 2026» ОБЛЫСТЫҚОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ!

Оқушылардың қолданбалы лингвистика пәніне деген қызығушылығын арттыру, жалпы білім деңгейі мен ой-өрісін кеңейту, ғылыми білімді насихаттау және халықаралық лингвистика олимпиадасына қатысатын дарынды оқушылардың олимпиадалық резервін қалыптастыру мақсатында 8–11 сынып оқушылары арасында «Лингвист – 2026» олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.
Аталған білім додасында ауданымыздың атынан қатысқан қос бірдей оқушымыз жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
🥈 ІІ орын – №48 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Уали Диана;
🥉 ІІІ орын – №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының оқушысы Білдебай Адия.
✨Жеңімпаз оқушылар мен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Білім көкжиегін кеңейтіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер! Жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!


















