«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

0
8

📚Аспара ауылдық округінде жастарға білім алуға мүмкіндік беретін «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасын насихаттау мақсатында жоғары сынып оқушыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

📚Іс-шараға Аспара ауылдық округінің әкімі Г. Оспанбекова, №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Г. Разакпаева және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Орымбетова қатысты.

📚Кездесу барысында оқушыларға «Серпін-2050» бағдарламасының негізгі мақсаты, жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктері, білім алу бағыттары мен болашақта жұмысқа орналасу перспективалары туралы кеңінен ақпарат берілді.

📚Сонымен қатар оқушыларға сапалы білім алып, болашақ мамандықтарын дұрыс таңдаудың маңыздылығы түсіндірілді. Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.
Мұндай кездесулер жастардың білімге деген қызығушылығын арттырып, болашаққа нық қадам жасауына ықпал етеді.

Comments are closed.