«ӘР КІТАПТА БІР ӘЛЕМ» тақырыбында жастармен кездесу өтті

Шара барысында Андас батыр ауылдық округі әкімдігінің кітапханашысы Л.Бердібаева тарапынан ауыл оқырмандары өздерінің оқыған кітаптарымен таныстырып, шығарманың мазмұны, негізгі идеясы мен кейіпкерлері туралы ой бөлісті. Оқыған кітаптарынан алған әсерлерін ортаға салып, бір-біріне кітап оқуға ұсыныстар берді.
Кітап талқылау барысында қатысушылар кітаптың адам өміріндегі маңызы, білім мен тәрбиенің қайнар көзі екендігі туралы пікір алмасты.
Кітап оқу – рухани байлықтың бастауы. Бір айда бір кітап оқып, білімімізді бірге толықтырайық!
















