DIGITAL QAZAQSTAN DAY — 2026 | ЦИФРЛАНДЫРУ КҮНІ

0
7

10 қараша күні Тараз қаласында цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күніне орай Digital Qazaqstan Day – 2026 іс-шарасы өтті. Аталған іс-шара Жамбыл облысының IT қауымдастығы, білім беру ұйымдары, цифрлық сала өкілдері мен стартап-экожүйесін біріктірді.

Іс-шараның негізгі алаңы «Достық» үйінде ұйымдастырылған Digital Expo көрмесі болды. Қонақтар заманауи технологиялық шешімдермен, робототехникамен, дрондармен, VR технологияларымен, сондай-ақ Zhambyl Hub, Tomorrow School және стартап-командалардың жобаларымен танысты.

Пленарлық сессия аясында «Жамбыл облысының цифрлық коды: жасанды интеллект және өмір сапасы» тақырыбы талқыланды. Қатысушылар өңірдің цифрлық инфрақұрылымын дамыту, жасанды интеллектті енгізу, халыққа арналған цифрлық қызметтерді жетілдіру және білім беру саласындағы жаңа технологиялық мүмкіндіктер туралы пікір алмасты.

Comments are closed.