АППАРАТ КЕҢЕСІНДЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұловтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Кеңестің күн тәртібінде ауданның денсаулық сақтау саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелер, сондай-ақ тұрғындардың аурушаңдық көрсеткіштерінің жай-күйі қаралды.
Алғашқы мәселе бойынша аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бас дәрігері Гүлнұр Қазанғапова баяндама жасады. Баяндамада денсаулық сақтау саласындағы жұмыстардың барысы мен өзекті мәселелер қамтылды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ділдаш Құдарова аудан халқының аурушаңдық көрсеткіштерінің жай-күйі жөнінде баяндады.
Кеңес барысында аудан тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, аурулардың алдын алу және халық денсаулығын сақтау бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды.
















