АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ҚОЙЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

0
4

Рысқұлов ауылдық округіндегі атшабар алаңында асыл тұқымды қойлардың жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
⠀
Аталған шараға асыл тұқымды «Арашан», «Байсары» және басқа да қой тұқымдарын өсірумен айналысатын 50-ден астам шаруа қожалығы қатысып, көрмеге 200-ден астам асыл тұқымды қой шығарылды.
⠀
Жәрмеңкеге Меркі ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Арғынбаев қатысып, шаруаларға ізгі тілегін білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі. Сондай-ақ ауданда мал шаруашылығын дамыту, оның ішінде асыл тұқымды мал басын көбейту мен өнім сапасын арттырудың маңыздылығына тоқталды.
⠀
Іс-шараның негізгі мақсаты – аудандағы қой шаруашылығының сапалық құрамын жақсарту, мал тұқымын асылдандыру, шаруашылықтар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау және саланың дамуына қолдау көрсету.
⠀
Жәрмеңке барысында «Санға емес, сапаға жұмыс істеу» қағидатына басымдық беріліп, асыл тұқымды мал өсірудің тиімділігі мен маңыздылығы кеңінен насихатталды.
⠀
Сонымен қатар, жәрмеңке аясында асыл тұқымды қойлардың аукционы ұйымдастырылды. Нәтижесінде ниет білдірген шаруалар асыл тұқымды мал сатып алып, өз шаруашылықтарындағы қой тұқымын жақсартуға мүмкіндік алды.
⠀
Аталған шара шаруалар арасындағы өзара байланысты нығайтып, ауданда асыл тұқымды қой шаруашылығын дамытуға және мал басының сапасын арттыруға бағытталды.

Comments are closed.