МЕРКІДЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТИМБИЛДИНГ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

30 қазан күні Меркі ауданында Әлеуметтік қызметкерлер күніне орай әлеуметтік сала мамандарының қатысуымен тимбилдинг іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбегін дәріптеу, сала ардагерлеріне құрмет көрсету, ұжымдық ауызбіршілікті нығайту және әріптестер арасындағы достық қарым-қатынасты қалыптастыру.
Шара барысында аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысының уақытша міндетін атқарушы Омар Алмаз құттықтау сөз сөйлеп, әлеуметтік салада еңбек етіп жүрген мамандарға ізгі тілегін жеткізді.


















