Таразда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы және World Cleanup Day (Дүниежүзілік тазалық күні) халықаралық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қала аумағын абаттандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Сенбілік барысында қаладағы белгіленген аумақтар, қоғамдық орындар мен оған іргелес жерлер қоқыстан тазартылып, ретке келтірілді.
Тазалық жұмыстарына Тараз қаласы әкімдігіне қарасты бөлімдер мен мекемелердің ұжымдары, сондай-ақ қала тұрғындары белсене қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.

















