«АСПАН АСТЫНДАҒЫ КИНО ӘЛЕМІ» атты кино көрсетілімі өтті

0
13

📌 Меркі ауылдық округінің тау бөктерінде жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ашық аспан астында кино көрсетілімі өтті.
🎥 Кеш барысында қатысушыларға «21 ғасыр жастары» атты қазақ кинофильмі ұсынылды.
✨ Таза ауа, жұлдызды аспан және жақсы көңіл күй тоғысқан кеш ерекше атмосфера сыйлады. Жастар фильм тамашалап, өзара еркін пікір алмасып, уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізді.
🤝 Шараның басты мақсаты – жастар арасындағы достық пен бірлікті нығайту, бос уақытты тиімді пайдалану және мәдени демалысқа мүмкіндік жасау.
🌙 Осындай тағылымды әрі көңілді кештер аудан жастарының басын біріктіріп, мәдени өмірдің жандануына өз үлесін қосады!

Comments are closed.