БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Аудан аумағында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
⠀
Іс-шара аясында 15 тамыз күні аудандық полиция бөлімі, аудан әкімдігі, білім бөлімі және Жастар ресурстық орталығы мамандарының қатысуымен түнгі рейд ұйымдастырылды.
⠀
Рейд барысында жастар мен жасөспірімдер көп жиналатын қоғамдық демалыс орындары, кафе, ойын алаңдары және өзге де нысандар қамтылып, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ата-аналарға бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау, жасөспірімдердің түнгі уақытта қараусыз жүруіне жол бермеу жөнінде түсіндіру берілді.
⠀
Мұндай профилактикалық шаралар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
⠀
Балалардың қауіпсіздігі – баршаға ортақ жауапкершілік. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.















