Өрт қауіпсіздігі – баршаға ортақ міндет!

Меркі тау шатқалында аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бөлімшесі мен аудандық өңірлік табиғи парк қызметкерлерінің қатысуымен таулы аймақта орналасқан шаруа қожалықтарының иелеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында табиғи аумақта өрттің алдын алу, от жағу кезінде белгіленген талаптарды сақтау, құрғақ шөптер мен жанғыш материалдарды қауіпсіз орналастыру, сондай-ақ өрт қаупі жоғары кезеңде барынша сақтық таныту қажеттігі түсіндірілді.
Шаруа қожалықтарының иелеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың салдары және төтенше жағдай туындаған кезде жедел әрекет ету тәртібі жөнінде нақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар қатысушыларға өрттің алдын алуға бағытталған арнайы жадынамалар мен ақпараттық парақшалар таратылды.
Табиғи аумақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету – ортақ жауапкершілік. Әр азамат өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтап, қоршаған ортаға ұқыпты қарауы қажет.















