Ірі сауда орындарында өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан аумағында орналасқан ірі сауда орындарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында сауда орындарының қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау, электр желілері мен электр құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын орындау, эвакуациялық жолдар мен шығу есіктерін бөгемеу қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, алғашқы өрт сөндіру құралдарын, атап айтқанда өрт сөндіргіштерді дұрыс қолдану тәртібі көрсетіліп, өрт болған жағдайда алғашқы әрекеттер бойынша практикалық түсіндірмелер берілді.
Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өрттің алдын алу – әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтіп, сауда орындарында қауіпсіздік талаптарын тұрақты түрде сақтауға шақырды.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау – адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың және материалдық шығындардың алдын алудың басты кепілі.
















