МЕРКІ АУДАНЫНДА ТАУ ШАТҚАЛЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫНДА ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

0
5

Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тау шатқалындағы демалыс орындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында демалушыларға табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді. Атап айтқанда, отты тек арнайы рұқсат етілген жерлерде жағу, сөндірілмеген шоқ пен темекі тұқылын тастамау, қоқысты табиғатта қалдырмау және құрғақ шөптің тұтануына жол бермеу жөнінде ескертілді.

Сонымен қатар, тау өзендері мен су айдындарының маңындағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, белгіленбеген және қауіпті жерлерде суға түсуге болмайтыны айтылды. Ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау, мас күйде суға түспеу және төтенше жағдай туындаған кезде бірден 112 қызметіне хабарласу қажеттігі жеткізілді.

Түсіндіру жұмыстары барысында тұрғындар мен демалушыларға қауіпсіздік талаптары көрсетілген жадынамалар таратылып, олардың сұрақтарына жауап берілді.

Comments are closed.