МЕРКІ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ЖАҢА МҮМКІНДІК — ВЕНОВИЗОР!

0
7
  • Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының медициналық жабдықталуы заманауи веновизор аппаратымен толықты.

    Веновизор — тері астындағы қан тамырларын арнайы жарық арқылы анық көрсетіп, көктамырдың орналасуын жылдам әрі дәл табуға көмектесетін заманауи медициналық құрылғы.

    Аппарат әсіресе:
    🔹 балаларға;
    🔹 көктамыры жіңішке немесе терең орналасқан пациенттерге;
    🔹 егде жастағы адамдарға;
    🔹 көктамырды анықтау қиын болған жағдайларда өте тиімді.

    Веновизордың көмегімен медицина қызметкері көктамырдың орналасуын нақты көріп, қан алу, инъекция жасау және көктамырішілік катетер орнату кезінде қажетті тамырды жылдам анықтай алады.

    Бұл пациент үшін артық пункция санын азайтуға, процедура кезіндегі қолайсыздықты төмендетуге және медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

    Заманауи технология — пациент қауіпсіздігі мен сапалы медициналық көмектің маңызды бөлігі.

    🏥 Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасы — тұрғындар игілігі үшін жаңа мүмкіндіктерді енгізуде.

Comments are closed.