ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Ербол Жиенқұловтың төрағалығымен аудандық аппарат кеңесі өтті. Кеңестің күн тәртібінде 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының іске асырылу барысы туралы екі мәселе қаралды.
⠀
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ербол Акек баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
⠀
Бөлім басшысының айтуынша, қазіргі таңда Меркі ауданындағы білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы әлеуметтік нысандардың жылу қазандықтарын алдағы жылыту маусымына дайындау жұмыстары жүргізілуде.
⠀
2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына әлеуметтік нысандар үшін жалпы 2699 тонна қатты отын қоры қажет. Оның ішінде білім беру нысандарына – 2654 тонна, мәдениет саласына – 35 тонна, денсаулық сақтау нысандарына – 10 тонна көмір қарастырылған. Қатты отын қорын тамыз айында жеткізу жоспарланған. Білім, мәдениет және денсаулық сақтау нысандарының жылыту маусымына дайындығы бақылауда.⤵️















