Сарымолдаев ауылдық округіндегі инфрақұрылымдық жобалардың орындалу барысы бақылауға алынды

0
2

Аудан әкімі Ербол Жиенқұлов Сарымолдаев ауылдық округін аралап, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарда атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Жұмыс сапары аясында аудан әкімі Рычилов көшесіне жаңадан төселген асфальт жабындысының сапасын тексерді.

Сондай-ақ, Исмаилов көшесінде орналасқан екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйлердің аумағын тексеріп, жауапты тұлғаларға абаттандыру мен санитарлық тазалық жұмыстарын тұрақты ұйымдастыру жөнінде тапсырмалар берілді.

Бұдан бөлек, О.Карбозов көшесіндегі балалар ойын алаңы мен шағын футбол алаңшасында жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының орындалу барысы қаралды.

Сонымен қатар, Исмалова көшесінде бой көтеріп жатқан жаңа сауда-ойын-сауық орталығының (ТРЦ) құрылысымен танысып, құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуы және нысанды белгіленген мерзімде пайдалануға беру мәселелері басты назарға алынды.

Сапар қорытындысы бойынша жауапты сала мамандарына барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде әрі сапалы орындау, сондай-ақ ауыл аумағындағы санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.

Comments are closed.