«Таза Қазақстан» – ортақ іске айналған бастама

0
3

Меркі ауданында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында экологиялық ахуалды жақсарту, елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Осы орайда Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттары Серік Мамыртаевич Қойбақов пен Андрей Анатольевич Савченко, облыстық мәслихат аппаратының бас инспекторлары Рүстем Досқұмбанұлы Байшекеев пен Жарылқасын Өнетаев ауданға арнайы келіп, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Іссапар барысында «Балдәурен-Бөбекжай» балабақшасының жұмысымен танысып, Меркі тау шатқалындағы тазалық жұмыстарын, Тескентоған ауылындағы жасыл белдеуде егілген ағаш көшеттерінің жай-күйін, сондай-ақ аудандық қалдықтар полигонының жұмысын зерделеді.

Comments are closed.