АУДАН ӘКІМІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Бүгін аудан әкімі Ербол Жиенқұлов жұмыс сапарымен бірқатар ауыл шаруашылығы нысандарын аралап, егін жинау науқанының барысымен, шаруалардың жұмысымен танысты.
⠀
Алдымен аудан әкімі Ақтоған ауылындағы «Ақтоған-2023» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің бидай алқабында болды. Биыл кооператив 50 гектар алқапқа «Стекловидная» ІІ репродукциялық тұқымын егіп, қазіргі таңда әр гектардан орта есеппен 25 центнер өнім алып жатыр. Шаруалармен пікірлескен аудан әкімі жиын-терім жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтаудың маңызын атап өтіп, егін орағы кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды тапсырды.
⠀
Одан кейін аудан басшысы ауыл тұрғыны Қайыр Әбдікерімовтің жылыжай кешенін көрді. Кәсіпкер 2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, жылыжай шаруашылығын қолға алған. Бүгінде 25 сотық жердегі жылыжайда қияр, қызанақ, бұрыш секілді бақша дақылдарын өсіріп, жергілікті нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп отыр. Аудан әкімі кәсіпкердің еңбегіне оң бағасын беріп, мұндай бастамалардың ауыл экономикасын дамытудағы маңызы зор екенін атап өтті.

















