«Жастарға кеңес» жобасы аясында жастарға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында кеңес беру алаңы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, кәсіпкерлік, психологиялық, құқықтық және діни бағыттар бойынша кеңес беру, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар аясында консультативтік көмек көрсету.
Кеңес беру алаңына әртүрлі сала мамандары қатысып, ауыл жастары мен тұрғындарына, уақытша жұмыссыз жүрген жастарға және жеке кәсібін ашуға ниетті азаматтарға қажетті ақпараттар ұсынып, мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, қатысушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға толыққанды жауап беріліп, тиісті бағыт-бағдар ұсынылды.


















