МЕРКІ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0
2

Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұловтың қатысуымен Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық мәселелері бойынша штаб отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі аппаратының басшылығы, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, бөлім және мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының, коммуналдық қызметтердің өкілдері, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері қатысты.

Отырыста Құрылтай депутаттарының сайлауын ұйымдастыру жұмыстарының барысы, сайлау учаскелерінің дайындығы, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, инженерлік және байланыс желілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, жауапты мекемелерге сайлау науқаны кезеңінде өзара үйлесімді жұмысты қамтамасыз ету, заңнама талаптарының сақталуын бақылау және туындауы мүмкін тәуекелдердің алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Жиын қорытындысында аудан әкімі Ербол Жиенқұлов Құрылтай депутаттарының сайлауын ашық, әділ және жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізу – барлық жауапты органдардың ортақ міндеті екенін атап өтті.

Comments are closed.