Өрт қауіпсіздігі мен тазалық мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

0
26

Аудан әкімі Ербол Жиенқұлов Жамбыл ауылының тұрғындарымен кездесіп, өрт қауіпсіздігін сақтау және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы тазалық жұмыстарын күшейту бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
⠀
Кездесу барысында жаз мезгілінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау, құрғақ шөп пен қоқысты өртемеу, сондай-ақ елді мекеннің тазалығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Аудан әкімі тұрғындарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарап, тазалық мәдениетін қалыптастыруға және ауылдың көркеюіне белсенді үлес қосуға шақырды.
⠀
Сонымен қатар, ауылдағы ауыз су жүйесін жаңғырту жұмыстарының барысы зерделеніп, мердігер мекемелерге қазылған аумақтарды қалпына келтіру және абаттандыру жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау тапсырылды.

Comments are closed.