АУДАН ӘКІМІ ОЙТАЛ АУЫЛЫНДАҒЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Бүгін аудан әкімі Ербол Жиенқұлов жұмыс сапарымен Ойтал ауылдық округіне барып, Ж. Абдрасимов көшесінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
⠀
Кездесу барысында тұрғындар көше жолының жай-күйі, түнгі жарықтандыру және балалар ойын алаңын салу мәселелерін көтерді.
⠀
Аудан әкімі тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өтініштерін мұқият тыңдап, көтерілген барлық мәселе назарға алынатынын айтты. Сондай-ақ жауапты бөлім басшылары мен Ойтал ауылдық округінің әкіміне аталған мәселелерді зерделеп, заңнама талаптарына сәйкес шешу бағытында нақты тапсырмалар жүктеді.
⠀
Ербол Жиенқұлов халықпен тұрақты кері байланыс орнату және тұрғындарды толғандырған мәселелерді кезең-кезеңімен шешу аудан әкімдігі жұмысының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.
⠀
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
















