Конституция – Тәуелсіздіктің берік тірегі

Меркі аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында «Қазақстан тәуелсіздігін нығайтудағы Конституцияның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері түсіндіріліп, оның ел тәуелсіздігін нығайтудағы, құқықтық мемлекет қалыптастырудағы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі маңызы кеңінен талқыланды.
Жиында ақпараттық топ мүшелері – Джамалов Гүлаға және Меркі аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жұматаев Мелисхан спикер ретінде сөз сөйлеп, Конституцияның қоғамдағы орны, елдегі реформалардың мәні және құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы туралы баяндады.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауап алды.
Іс-шараға 30-ға жуық адам қатысты.














