«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2026» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫАУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұлов «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсының аудандық кезеңінде үздік атанған отбасыларды арнайы қабылдап, марапаттады.
Салтанатты жиында аудан әкімі отбасы институтын нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және өнегелі отбасылардың қоғамдағы рөлін айрықша атап өтті. Сондай-ақ, байқауға қатысқан әрбір отбасының ұрпақ тәрбиесіне, қоғамдық өмірге белсене араласып, ел ішіндегі бірлік пен татулықты нығайтуға қосып жүрген үлесі зор екенін жеткізді.
Биыл «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңіне жалпы 16 отбасы қатысып, комиссияның шешімімен:
І орын – Егембердиевтер отбасы (Меркі ауылдық округі) – еңбекқор, меценат отбасы;
ІІ орын – Ашировтар отбасы (Жамбыл ауылдық округі) – еңбекқор, үлгілі отбасы;
ІІІ орын – Құралбаевтар отбасы (Ақтоған ауылдық округі) – білімді отбасы атанды.
Байқау қорытындысына сәйкес, І және ІІ орын иеленген Егембердиевтер мен Ашировтар отбасылары ұлттық конкурстың облыстық кезеңіне жолдама алды.
Аудан әкімі жеңімпаз отбасыларды құттықтап, олардың өмірлік ұстанымдары мен өнегелі істері кейінгі буынға үлгі екенін атап өтті. Сонымен қатар, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыстап, облыстық кезеңде Меркі ауданының абыройын асқақтатып, жоғары нәтижелерге қол жеткізулеріне тілектестік білдірді.
Шара соңында қатысушылар аудан басшылығына көрсетілген құрмет үшін алғыстарын білдіріп, отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған игі бастамалардың маңызы зор екенін атап өтті.

















